хаттама

Автор: admin от 22-02-2018, 15:51, посмотрело: 3 440

184 Хаттама
«Райымбек ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Көксай орта мектебі мектепке дейінгі шағын
орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Көкбел ауылы 29.01.2018
Күн тәртібінде:
«Жылы жүрек – жомарт қол» акциясы туралы тәрбие жөніндегі орынбасар М.Оспанбектің есебі.
Тыңдалды:
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М. Оспанбек «Жылы жүрек – жомарт қол » акциясы туралы баяндап өтті.
Сөйлеушілер:
Х. Нұртәжиева. «Жетім көрсең жебей жүр» дегендей бүгінгі өтіп жатқан шара өте орынды. Осы шараға қатысып, өз үлестерін қосып жатқан ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлерге үлкен рахмет. Сонымен қоса мектеп ұжымы да өз үлестерін қосып жатыр. Осы шара жалғасын тауып, жылдан-жылға жалғаса берсе, нұр үстіне нұр болар еді.
А.Қабылова. Бұл шара жылда өтіп жүрген игі іс, бір кішкене нәрсе берсе де, халықтың пайдасына тисе, соның өзі көңіл тойдырады. Кәсіпкерлеріміз көбейіп, көмек бере берсін. Келгендеріңізге рахмет.

Қаулы:
«Жылы жүрек – жомарт қол» акциясы туралы анықтамасын, есебін беру тәрбие ісі жөніндегі орынбасар М. Оспанбекке міндеттелінсін.





«Райымбек ауданының білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің «Көксай орта
мектебі мектепке дейінгі шағын
орталығымен» коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің «Мектепке жол» акциясында
атқарылған жұмыстарға

Анықтама
«Көксай орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Жылы жүрек – жомарт қол» акциясы болып өтті. Акцияның негізгі міндеті – аз қамтылған отбасыларындағы оқушыларға мектепке дайындалуға және балалардың әлеуметтік жағдайлары бойынша көмек көрсету. Олардың қыстық аяқ-киімдері мен оқуға қажетті құрал жабдықтары толықтай қамтылып, алаңсыз білім алуларына жағдай жасау. Осы іс-шара аясында мектеп әкімшілігі мен ұстаздар қауымы, техникалық қызметкерлер де аянып қалмады. Мектебіміздің ұжымы 5 балаға 45 000 (қырық бес мың) теңге көлемінде көмек көрсетті. Атап айтқанда, екі қыстық куртка, екі қыстық аяқ-киім, оқу құралдары берілді. Аз қамтылған, көп балалы, сәтсіз отбасының балаларына мектепке қажетті оқу құралдары, мектеп формалары, киімдер табыс етілді.


Мектеп директоры: А.Н. Байтулекова

Категория: Оқу-тәрбиелік жұмыс / Тәрбие жұмыстарының жоспарлары

 

Тәрбие сағаттары

Автор: admin от 22-02-2018, 13:51, посмотрело: 30 619

509 Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы: СПИД-XXI ғасыр дерті
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өздеріңізге белгілі еліміздің дамуының ұзақ мерзімді «Қазақстан – 2030» стратегиясында халық денсаулығын сақтауды басты бағдар ретінде қарастырғанын білесіздер. Яғни, мемлекетттің бірінші кезектегі атқаратын шараларының бірі халық денсаулығын нығайту.
Адамның ақыл – ойын, денсаулығын, қабілетін дамыту мәселелеріне тікелей қатысы бар маңызды еңбектерінде шығыстың әйгілі ойшыл – ғалымы Әл – Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін», – деген екен. Олай болса, біздің болашағымыз неге байланысты?
АҚТҚ-ЖҚТБ дегеніміз не?
Бұл дерт, яғни жұқтырылған иммунитет тапшылығы белгісі туралы ең алғаш рет адамдар 1982 жылы естіді. 1983-1984 жылдары американ ғалымы Роберт Галло мен француз ғалымы Люк Монтонье бір мезгілде бұл аурудың қоздырғышын анықтады. 1986 жылы бұл ауруға «Адам иммун-тапшылығының вирусы» деген ат берді.
СПИД 1950 жылдары Африка аумағында белгі беріпті.Содан жылжып 1970 жылдары Америкаға да жеткен. «Құлақ естігенді, көз көреді»-деген. Көп күттірген жоқ, Қазақстанда алғаш сырқат 1987 жылы анықталды. Елімізде бүгінгі күнге дейін Ақтөбе облысында 200-ге жуық адам СПИД вирусын жұқтырған. Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан,Алматы және Ақмола облыстарында бұл көрсеткіш екі еселенген.
1987 жылы 23 сәуірде СПИД-пен күрес және оның алдын алу орталығы құрылып, өз жұмысын жүргізе бастады.
АҚТҚ – адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғышы – ағзаны әртүрлі жұқпалардан қорғайтын қорғаныс жүйесін зақымдайды. АҚТҚ қорғаныс жүйесінің белгілі жасушаларын зақымдайды.
ЖҚТБ – жұқтырған қорғаныс тапшылық белгілері. АҚТҚ-мен байланысты туындайтын сырқат. ЖҚТБ – АҚТҚ жұқпасының соңғы сатысы. Бүгінгі таңға дейін АҚТҚ және ЖҚТБ-дан толықтай айықтыратын дәрі-дәрмек табылмай отыр. Қоздырғыш адам ағзасында өмір бойына қалады. Өкінішке орай, кез келген адам АҚТҚ жұқпасын жұқтырып алуы мүмкін, алайда жұқтыруға әкеліп соқтыру жолдары туралы шынайы ақпаратқа сүйеніп ,тәуекелден бас тартсаң, АҚТҚ және ЖҚТБ-ның таралуының алдын алуға болады.
АҚТҚ төмендегі жолдармен жұғады:
1. АҚТҚ-мен зақымданған донордың қанын құйғанда немесе мүшелері мен ұлпаларын салғанда.
2. Қан тамырларына есірткілерді енгізген кезде ине мен щприцтерді бірге қолданғанда.
3. Медициналық манипуляциялар кезінде залалсыздандырылмаған құралдарды пайдаланғанда.
4. Жыныстық қатынас арқылы
АҚТҚ төменде көрсетілген жағдайда жұқпайды:
— Қол алысып, құшақтасқанда
— Ыдыс-аяқтан, тамақтан, дәретхана заттарынан
— Төсек жабдықтары мен киімнен
— Темір және қағаз ақшадан
— Су мен ауадан
— Ойыншықтардан, қолданыстағы заттардан
— Есік тұтқасы мен көліктегі ұстағыштан
— Жәндіктердің шағуынан
— Моншада, саунада, бассейінде
— Бой жазу, т.б.

Адамның АҚТҚ-мен зақымданғанын қалай білуге болады?
Адамның АҚТҚ-мен зақымданғандығын сыртқы келбетінен біле алмайсыз. АҚТҚ жұқпасын қанды зертханалық зерттеуге тапсыру арқылы ғана анықтауға болады. Ағзада қоздырғыштың бар екендігі қоздырғыштың табылуынан емес, оған қарсы ендірілген антидене пайда болғанда анықталады. Антиденелер – ағзаға қоздырғыш енгенде, оған қарсы пайда болатын арнайы ақуыздар.

Ауру қалай асқынады?
АҚТҚ жұқпасы – бұл баяу өтетін созылмалы ауру. Сондықтан ауру белгілері бірден пайда болмай, 5-7 жыл ішінде білінеді.
Аурудың алғашқы белгілері қандай?
Шаршағыштық, жалпы әлсіздік, бірнеше топ лимфа түйіндерінің ұлғаюы. Бұл ЖҚТБ-нің басталғандығын білдірмейді. Алайда, арнайы емделмесе, жұқпалы ауру әрі қарай дами түседі де, ЖҚТБ-ға әкелетін басқа да сырқаттар қосылады.
Мақал – мәтелдер – ғасырлар бойы сұрыпталып, салмақтанып, кемелденген сөз асылы, парасатты, тәрбиелі, әділ сыншы, адал ақылшы ғана емес, сонымен бірге епті де есті емші
1. Ауырып ем іздегенше , (Ауырмайтын жол ізде )
2. Ішпеген, шылым шекпеген, (Жасайды жылдар көптеген.)
3. Қайғы қартайтады. (Қуаныш марқайтады)
4. Адам арақты ішеді, (Арақ ақылды ішеді. )
5. Жасында темекісін будақтатқан, ( Күркілдеп қартайғанда сұлап жатқан )
6. Арақ- ішіп ішіне көшеді, (Ақыл шөлмек ішіне түседі )
7. Тыста ұзақ жүргенің, (Ұзақ өмір сүргенің.)
8. Ішпеген, шылым тартпаған, (Денсаулығын сақтаған )
Қорытынды:
«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деп халқымыз бекер айтпаған.
Жақсыны көріп, тыңдап, соған ұқсау керек. Жаманды көріп, зардабын түсініп, бойыңды аулақ ұстау білімділіктің, көрегендіктің белгісі.Өсер елдің баласына лайық салмақты, сабырлы, білімді, жат қылықтан аулақ, елдің ертеңгі азаматы болып өсе беріңіздер!

Категория: Оқу-тәрбиелік жұмыс / Тәрбие жұмыстарының жоспарлары

 

ҰБТ жаңа форматы

Автор: admin от 22-02-2018, 13:48, посмотрело: 1 014

6 ҰБТ жаңа форматы
Ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа форматы
2016-2017 оқу жылында мектеп бітіруші түлектер үшін қорытынды аттесттаттау бойынша өзгерістер енгізілуде.
Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтетіндігі туралы түсінік бергіміз келеді.
1. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы.
2. ҰБТ - жоғары оқу орындарына түсу емтиханы.
1. 11 сынып оқушысын қорытынды аттестаттау бітіруші емтихан нысанында мектепте бес пәннен, оның ішінде 4 міндетті (ана тілі, екінші тіл, алгебра және анализ бастамалары, Қазақстан тарихы)және оқыту бейіні (қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттары) ескеріле отырып 1 таңдау бойынша пәннен өтеді.
Барлық емтихандар, оның ішінде тестілеу де білім алушының өзі оқитын мектебінде өтеді.
Емтихандардың тізбесі және нысаны:
•1) Ана тілі және әдебиетінен (оқыту тілі) эссе нысанында жазбаша емтихан. Эссеге 3 астрономиялық сағат беріледі.
Ұсынылған үш тақырыптан оқушы бір тақырыпты таңдайды. 250-300 сөзден тұратын эссе жазуы қажет.
Барлық жұмыстарға бірыңғай бағалау өлшемшартары қолданылады.
•2) Алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтиханға 5 астрономиялық сағат беріледі. Бұл емтихан 5 тапсырмадан тұрады.
Тапсырмалар математикалық фактілерді, түсініктерді және тәсілдерді меңгеру деңгейін анықтауға, есеп шығару және логикалық тапсырмаларды шешу дағдыларын, функционалдық сауаттылығын білуге бағытталған.
•3) Қазақстан тарихынан ауызша емтихан (билет бойынша);
Әр билетте 3 сұрақтан болады. Екі сұрақ Қазақстан тарихының барлық курсының негізгі бөлімдерінен теориялық сұрақтар, 3-ші сұрақ шығармашылық тұрғыдағы тапсырма (карта, кескіндер, портреттер, хранологиялық кестелер пайдалану арқылы тапсырмалар т.б.).
•4) Орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу(берілген уақыт 80 минут, барлығы 40 сұраққа 40 балл);
Бұл пәндердің тапсырмаларының саны мен нысаны төмендегідей болады.
Лексикалық-грамматикалық блок – 20 тест тапсырмасы бір дұрыс жауабын таңдау арқылы;
«Тыңдалым» блогы – 10 тест тапсырмасы (2 мәтін, 200-250 сөз);
«Оқылым» блогы – 10 тест тапсырмасы (2 мәтін, 200-250 сөз).
•5) Таңдау бойынша бір пәннен (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шетел тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика пәндерінің біреуін таңдайды)тестілеу.
Бұнда барлығы 40 тест тапсырмасы болады (80 минут, 40 сұраққа – 60 балл беріледі), оның 20 сұрағы бір дұрыс жауабын табу арқылы (20 балл беріледі), 20 сұрағы бірнеше дұрыс жауабын табу арқылы (40 балл беріледі).
Екі пән бойынша тестілеу мектепте бір күнде өтеді
Емтиханға берілген бағалаумен келіспеген жағдайда, бітіруші келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін аудандық, қалалық білім бөлімдерінің және облыстық білім басқармаларының жанынан құрылған комиссияға шағымдануына болады.
Қорытынды аттестаттаудың нақты мерзімі Министрліктің «2016-2017 оқу жылын аяқтау туралы» бұйрығымен айқындалады (2017 жылғы 30 сәуірге дейін). Емтихандар шамамен 2017 жылғы 29 мамыр мен 9 маусым аралығында өтеді.
Қорытынды аттестаттаудың барлық материалдарын дайындауды және білім басқармаларына дейін жеткізуді Ұлттық тестілеу орталығы, ал мектептерге дейін жеткізуді білім басқармалары ұйымдастырады.
Жазбаша және ауызша емтиханды бағалауды, берілген дұрыс жауап кодтары негізінде жауап парақтарын тексеруді мектепте құрылған емтихан комиссиясы әр пән бойынша жүргізеді.
Алтын белгі үміткерлері білімдерін дәлелдеу мақсатында мектепте қорытынды аттестаттау тапсырады.
Жоғары оқу орнына түсу үшін ҰБТ тапсырады.
Қорытынды аттестаттаудың материалдары (жауап парақтары, сұрақ кітапшалары т.б.) мектепте бір оқу жылы бойында сақталады.
Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ)
ҰБТ жоғары оқу орнына түсу емтиханы және мемлекеттік гранттарды бөлу жүйесі ретінде қалады.
2017 жылғы ҰБТ форматы бойынша 120 сұрақ (20+20+20+30+30=120 тапсырма) 5 пән бойынша, оның 3-і міндетті және талапкердің жоғары оқу орнына тапсыратын мамандығына байланысты 2-і бейіні бойынша қарастырылған. Барлық сұрақтар ескеріледі.
1 блок:
Математикалық сауаттылық - Ұсынылған бес тапсырманың бір дұрыс жауабын таңдай отырып (Функционалды сауаттылық, логика, сандық салыстыруға тапсырмалар).
Оқу сауаттылығы - Ұсынылған бес тапсырманың бір дұрыс жауабын таңдай отырып (Оқу, мәтінді түсіну, мәтін мазмұнына рефлексия, талдау жасай білу, салыстыру және т.б.).
Қазақстан тарихы - Ұсынылған бес тапсырманың бір дұрыс жауабын таңдай отырып (Пәнді білу).
2 блок:
Бейіндік пәндер (әрбір мамандық бойынша екі пән) – 1 бейінді пән: 20 сұрақ ұсынылған бес тапсырманың бір дұрыс жауабын таңдай отырып, 10 сұрақ ұсынылған көп тапсырманың бірнеше дұрыс жауабын таңдай отырып.
2 бейінді пән: 20 сұрақ ұсынылған бес тапсырманың бір дұрыс жауабын таңдай отырып, 10 сұрақ ұсынылған көп тапсырманың бірнеше дұрыс жауабын таңдай отырып.
Тестілеу уақыты – 3 сағат 30 минут.
Шекті балл - 50.
1.Баллды бағаға ауыстыру шкаласы:
Бейіндік пәндер бойынша
БаллдарПайызыбағасы
0 – 290 – 49%2
30 - 3850 – 64%3
39 -4865 – 80%4
49 - 6081 – 100%5
Математикалық және оқу сауаттылығы, Қазақстан тарихы бойынша
БаллдарПайызыбағасы
0 – 90 – 49%2
10 – 1350 – 64%3
14 – 1665 – 80%4
17 – 2081 – 100%5
ЖОО-ның барлық 175 мамандығы 10 комбинацияға бейінді пәндер шегінде бөлінді. Бейінді пәндерді бітіруші түсетін мамандығын анықтауы үшін өзі таңдауы тиіс (Мысалы, математика + физиканы тапсыру кезінде, талапкердің 52 мамандықтың ішінен таңдау мүмкіндігі бар).


№Бейінді пәндерМамандықтар саны
1Математика + физика52
2Математика + география18
3Тарих+ география7
4Биология + химия22
5Биология + география12
6Шет тілі + тарих11
7Оқыту тілі және әдебиет (қазақ немесе орыс) + тарих7
8География + шет тілі4
9Химия + физика5
10Тарих + Адам. Қоғам. Құқық4
11Шығармашылық емтихан33
Барлығы175
Тестілеуге қатысуға өтініш қабылдау 10 наурыз – 10 мамыр аралығында ҰБТ-ны өткізу пункттері арқылы жүзеге асырылады.
ҰБТ 165 ҰБТ-ны өткізу пункттерінің базасында өткізіледі.
ҰБТ-ны өткізу мерзімі – 20 маусым мен 1 шілде аралығы.
2017 жылғы тамыз айында және 2018 жылдың қаңтар айында ҰБТ-ны ақылы негізде қайта тапсыру мүмкіндігі беріледі. Шекті балл – 50.
«Алтын Белгі» иегерлері, жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық, республикалық олимпиадалардың, ғылыми жобалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҰБТ-ны жалпы негізде тапсырады, сондай-ақ балл саны бірдей болған жағдайда білім беру гранттарын алу басымдығы оларға беріледі (Мысалы, егер бітіруші және «Алтын Белгі» иегері де 122 балл алса, грант «Алтын Белгі» иегеріне беріледі. Егер бітіруші көбірек балл жинаған жағдайда, «Алтын Белгі» иегеріне басымдық берілмейді).
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5 халықаралық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне арнайы гранттар бөлінеді.
Талапкерлерді кешенді тестілеу (ТКТ)
Колледж бітірушілері үшін ТКТ форматы өзгертілді.
ТКТ-ның жаңа форматы бойынша колледждер үшін 60 сұрақ қарастырылған, оның 20-сы жалпы пәндер және 40-ы бейінді пәндер бойынша. Бұл егер бітіруші өз бейіні бойынша оқитын болса (Мысалы, педагогикалық мамандыққа баратын педагогикалық колледждің бітіруішісіне арналған). Мамандық бейінін өзгертетін бітіруші тестілеуді ҰБТ форматы бойынша тапсырады.
Тестілеу уақыты - 100 минут.
Тестілеуге қатысуға өтініш қабылдау - 10 наурыз - 1 шілде аралығы.
ТКТ базалық жоғары оқу орнында орналасқан 42 ҰБТ-ны өткізу пункттерінде өткізіледі.
ТКТ-ны өткізу мерзімі – 17 шілде мен 23 шілде аралығы.
Шекті балл – 35.



Категория: Оқушыларға / ҰБТ

 
 
yandex.ru